Отправить сообщение


Рахмет саған, “Ақжайық” шипажайы!
Әрі тиімді,әрі пайдалы,әрі қызықты демалысты қалай ұйымдастыруға болады ? Біз саяхатшылар клубының 5 жылдық тойын өз еліміздегі “Ақжайық” шипажайында атап өттік! 15-17 қаңтар 2021 жыл аралығында әрі тойладық,әрі демалдық. Үш күн бойы шипалы минералды суды іштік,барлық ем-домдарды қабылдадық. Шипажайдың жанындағы сауна мен бассейнге күнде барып шомылдық. Жанның рахаты!10 ай бойы үйден шықпай,онлайн жұмыс жасап, круиздік саяхат пен теңізді,лайнерді, адамдардың ортасында болуды сағынып қалыппыз! Керемет тойладық,керемет демалдық! Рахмет саған,туған жер! Рахмет саған, “Ақжайық” шипажайы!

20.01.2021
Людмила
Три дня релакса пролетели как три секунды. Благодарю всех сотрудников санатория за радушный приём и тёплую атмосферу! Эта уникальная здравница "Акжаик" построена в 1985 году на берегу великой реки Урал, протяженностью 2438 км, третьей по величине после Волги и Дуная которая протекает по территории России и Казахстана и впадает в Каспийское морем. Ну и навели мы у вас шороху. Наверно надолго запомните инкрузевцев... И песни пели на весь санаторий, и флэшмобили и даже танцевали до упаду

02.11.2020
БҚО, Қаратөбе ауылынан Абат Аңшыбай
2019 жылдың қантар айында, әйеліміз екеуіміз, Орал қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан, « Ақжайық» шипажайында таза ауа жұтып, жер астынан шығып жатырған минеральды су ішіп, шомылып әрі ағзаға қажетті неше түрлі ем-дом алып демалдық. Жылына екі рет келетін біздерге бәрі үйреншікті, дегенмен « Жас келсе іске! » ғой, жаңа басшы, танымал музыкант Төлеген ағайдың ұлы, Альберт келгелі шипажайда оң өзгерістер байқалды. Яғни, ішкі интерьерге жаңалау жұмыстары жасалып және тұрмыстық қамту құралдары жаңартыла бастапты. Ал емдеу орнының қызметкерлері сол қалпы. Кіре берістегі күзетші жігіттер жүгіріп жүріп ауланың қақпасын ашып, көлігіңді қолайлы жерге тұрақтандырады. Демалыс ғимаратына енгеніңде демалушының денсаулығын қадағалаушы кезекші мейірбикелер жайдары мінезбен құжаттарыңды қабылдап, жатын бөлмеге орналастырады. Ал, күніне отыз адамға дейін уқалап ем беруші Айман, шомылу бөліміндегі Әлия мен Мәншөктер де тынымсыз қозғалыстары үшін қандайма марапатқа лайық жандар. Бес мезгіл дәмді тағамдармен тамақтандыратын асхана қызметкерлерінің еңбектері (нанды да өте тәтті қылып өз

21.01.2019
Наши партнеры
ТОО «Санаторий Акжайык»

Адрес: ЗКО, Теректинский р-н, с.Санаторий Акжайык, ул.Ғ.Құрманғалиев зд.1

Телефон: 8 (7112) 55-68-68,
  +7 705 638 74 88

Е-mail: san.akzhaik@mail.ru

Отдел бронирования и реализации путевок

Адрес: г. Уральск, пр.Н.Назарбаева 184/1, 2 этаж 23 кабинет (здание Дом Союзов)

Телефон: +7 (7112) 51-08-99,
  +7 777 274 84 94